25 қыр, 2020 сағат 12:21

Ақтөбедегі қыздар төбелесі: Жауапты басшы қатаң сөгіс алды

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы төбелестен соң аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қеңқияқтағы оқушы қыздар төбелесіне қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Ата-аналарға, балаларға қандай шара қолданылатыны тергеу аяқталып, сот шешімі шыққан соң ғана белгілі болады. Негізі оқиға 20 қыркүйек күні болды. Облыстық білім басқармасы 21 қыркүйекте ғана білді. Ақпарат кеш жетіп тұр. Оған дейін аудандық білім бөлімі, ішкі істер бөлімі, прокуратура тарапынан зерделеу жұмысы жүргізілген. Ал үш директор жұмыстан шығу туралы арыз жазып, кеткен. Оларды орнынан босату негізсіз болғандықтан қызметіне қайта оралды. Алдағы аптада аудан мектептеріндегі тәрбие жұмысы қаралады. Тергеу аяқталған соң қызметін толық атқара алмаса, директорларға қатысты шешім қабылданады», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова. 

Айта кетейік, қазіргі кезде Темір аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.