03 жел, 2021 сағат 13:40

Ақтөбеде жүргізуші әйел аялдаманы қиратып кетті


Ақтөбеде 25 жастағы жүргізуші жол ережесін бұзып, аялдама павильонына барып соқтығысты. Салдарынан өзі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «BMW» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы №7 клиника-диагностикалық орталық алдында тұрған аялдама павильонына барып соқтығысты. 

«Жүргізуші Ақтөбе әуежайынан шығып, жолда №7 КДО маңында жол-қозғалысы ережесін бұзған. Ол жол белгісін сындырып, автобус аялдамасын қиратып кеткен. Салдарынан өзі Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде қан сынамасы алынып, тексеруге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Абырой болғанда жол апаты кезінде аялдамада ешкім болмаған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.