29 қаз, 2021 сағат 13:16

Ақтөбеде жол-көлік апатынан жүргізуші әйел көз жұмды


«Самара-Шымкент» тасжолында жол-көлік апаты болып, 47 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 28 қазан күні сағат 18:30-да тіркелді. 

«Самара-Шымкент» тасжолының Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында «Тoyota Prado» маркалы автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып, қарсы бағытқа шыққан. 

Сол кезде «Газ-53» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.


«Жол апаты салдарынан «Тoyota Prado» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның 48 жастағы күйеуі, «Газ-53» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.