09 там, 2021 сағат 21:26

Ақтөбеде жол-көлік апатынан 10 жастағы бала көз жұмды


Ақтөбеде жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккен 10 жасар бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға Самара-Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. «Тоyota Сamry» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, аударылып қалды.

«Жол апатынан екі жолаушы мен жүргізуші зардап шекті. Қызылорда облысының 37 жастағы тұрғыны және 10 жастағы бала ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай бала Әйтеке би аудандық ауруханасында көз жұмды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша іс қозғалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, бұған дейін қаладағы бау-бақша ұжымдарының бірінде жазатайым оқиға тіркелген болатын. 48 жастағы ақтөбелік өз үйінің ауласында тұрған «Opel Astra» автокөлігін айдап, 2020 жылы туған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала бас-ми жарақатын алды. Ол шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.