25 қаз, 2021 сағат 14:55

Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысты


Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысып, екі адам аурухананың жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолының Ақтөбе қаласы Украинка ауылы маңында болды. 

«Lada-219410» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Украинка ауылына қарай бағыт алып, жол ережесін бұзды. Сол кезде экскаватормен соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Lada-219410» автокөлігінің екі жолаушысы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.