Коллаж: mugalzhar.kz
Ақтөбелік дәрігер әлеуметтік желіде жалған жарнамаға алданып, 46 миллион теңгеден айырылды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғанындай, алаяқтар әлеуметтік желіде "Kaspi Profit" платформасының жалған жарнамасын орналастырған. Танымал банкирдің атын ақшаны инвестициялауға да шақырған. Ақтөбелік дәрігер әйел жарнамаға сеніп, өз мәліметтерін берген. Оған Telegram арқылы "Kaspi Profit" менеджері және қаржы талдаушысы ретінде таныстырған адам хабарласты.
"Менеджер "RoseFinance" крипто платформасына ақша салып, одан жоғары пайызбен пайда табуға болатынына сендірген. Дәрігер қаңтар-сәуір айлары аралығында платформаға 46 миллион теңгеден астам ақша аударған. Бірақ ешқандай жоғары пайыз түспеді", - дейді полицейлер.
Дәрігер алаяқтарға алданғанын түсініп, полицияға арыз түсірді. Қазіргі кезде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.