15 шіл, 2021 сағат 18:42

Ақтөбеде зейнеткерді көлік қағып кетті


Ақтөбеде айналма жолда жол апаты болды. Жаяу жүргіншіні көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Hyundai H1» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі Сүт зауыты ауданындағы айналма жолымен жүрген 63 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«Жаяу жүргіншінің де, жүргізушінің де мәдениеті төмен. Жүргізуші жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шықса, кейбірі ұялы телефон арқылы сөйлеседі. Ал жүргінші жолды тыйым салынған жерде кесіп өтеді және өту кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамайды. Жол-көлік оқиғасына жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Ақтөбе облысының Полиция департаменті әрбір жол қозғалысына қатысушыларға жолда мұқият болуды және жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға үндейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.