13 қаң, 2017 сағат 08:18

Ақтөбеде түнде уахабтармен атыс кезінде бір адам қайтыс болды

Ақтөбе қаласында кеше түнде полиция қызметкерлеріне оқ жаудырғандар ұсталды. Атыс Богословка ауылына барар трассада күдікті көлікті тоқтату кезінде болған. Ақпаратты сенімді дереккөз NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісіне хабарлады.

Көлік ішіндегілер полиция қызметкерлеріне қарсылық білдіріп, оқ жаудырған. Мал базары маңында полиция қызметкерлерімен атысқандар адасқан ағым жетегіндегілер деген ақпарат бар.

Ақтөбеде түнімен полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ жұмыс істеді. Күдіктілерді қолға түсіру кезінде көлік ішіндегі бір адам көз жұмды.

Машинада қанша адамның болғандығы жөнінде әзірге ақпарат жоқ.