27 нау, 2024 сағат 11:09

Ақтөбеде тағы бір ауылдың адамдары эвакуацияланды


Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі


Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылынан 74 адам эвакуацияланғанын хабарлайды.

Ақтөбе облысы бойынша түнде жаңбыр жауып, су деңгейі көтерілді. Салдарынан Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында Жем өзені көтерілген.

- Су деңгейі көтерілген соң қауіп туындады. Барлығы 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Оларды мұнай компаниясының вахталық қалашығына орналастырды. Медициналық көмек қажет болмады. Ауылда екі ауланы су басты, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ауылда барлығы 1 300-ден астам адам тұрады. 

Еске салсақ, кеше түнде Шалқар ауданының Бүйректөбе ауылының тұрғындары эвакуацияланды.