Midjourney
Ақтөбе облысында спорт мектептерінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде тігіп ұтылған, - деп хабарлайды Ult.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуге тиіс қаражатты екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтаған.
"Олар 12 млн теңгеден аса бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша прокуратура 2 қылмыстық істі тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді.
"10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.