Ақтөбеде рульге ие бола алмай қалған 71 жастағы қарт жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде болды. Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының 71 жастағы тұрғыны рульге ие бола алмай, көлігімен жолдың оң қапталына қарай аударылған. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.