16 қаз, 2020 сағат 11:51

Ақтөбеде Ресейден келген әйелден коронавирус инфекциясы анықталды

Ақтөбеде соңғы тәулікте үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбеде Ресейден келген 55 жастағы әйелден коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен бірге 60 және 77 жастағы ақтөбелік екі адам жедел респираторлы вирустық инфекция белгілерімен дәрігер көмегіне жүгінген.

«Облыста 3264 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 98,4% науқас жазылып шықты. Қазіргі таңда үй карантиніне 44 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде»,- деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.