15 қыр, 2021 сағат 19:05

Ақтөбеде ПТР-анықтамасын қолдан жасаған ерлі-зайыпты жазаланды


Ақтөбелік сот ПТР-анықтамаларды қолдан жасап сатқан ерлі-зайыптыға үкім шығарды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сот сотталушылардың әрқайсысына 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады", - деді прокурор.

Еске салайық, ерлі-зайыпты ақша үшін ПТР-анықтамаларды қолдан жасаумен айналысқан. Олар әр анықтаман үшін 7500 теңге алған, жалған ПТР-анықтамалары Ресей Федерациясымен шекарада санитарлық бақылаудан өту үшін берілген.