19 мау, 2021 сағат 16:18

Ақтөбеде полиция жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр


Ақтөбеде жол апатынан әйел көз жұмды. Полиция куәгерлерге іздеу жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға Ақтөбе қаласының Сүт зауыты ауданында болды. Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі көпірде ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысты. Салдарынан ВАЗ-2107 маркалы автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. 

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін куәгерлерді, оқиғаны көрген адамдар келесі телефон нөмерлеріне хабарласуын сұраймыз. Байланыс телефондары: 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 қызметтік кабинетіне алып келу қажет», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.