11 там, 2021 сағат 14:44

Ақтөбеде өзіне-өзі қол жұмсамақ болған әйел құтқарылды


Ақтөбе полициясы өзіне-өзі қол жұмсамақ болған әйелді өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облыстық полиция департаменті, патрульдік полиция қызметіне суицид жасамақ болған әйел туралы хабарлама түсті. Оқиға 7-тамыз күні сағат 23:30-да тіркелді. 



«Қарғалы» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконнан бір әйел өзіне-өзі қол жұмсамақ болды. Ол секіруге бекінген. Аталған мекенжайға полиция жасағы дереу жіберілді. Олар әйелді құтқарып қалды. 34 жастағы әйелдің мас күйінде екені белгілі болды. Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Суицид себептері анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.