#
#
Сенбі 31/10/2020

Ақтөбеде оқушы қыздар арасындағы төбелестің себебі анықталды

  • 22.09.2020
  • 0
  • 137

Ақтөбеде үш ауылдың мектеп оқушылары бір-бірінің сөзін көтере алмай, төбелесіп қалған. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбедегі оқушылар төбелесінен соң қылмыстық іс қозғалды. Ата-аналар да жауапқа тартылуы мүмкін. 

Ақтөбе облыстық білім басқармасы төбелестің негізгі себебін атады. 

«20 қыркүйек күні қыздар төбелескен. Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл ауылындағы 10 қыз бір-бірінің сөзін көтере алмаған. Олар алдымен әлеуметтік желідегі ортақ чат арқылы ұрcысқан. Балағат сөз айтқан. Негізгі себебі - осы. Кейін кездесіп, төбелескен. Төбелесті арнайы видеоға түсіріп, өздері әлеуметтік желідегі парақшаға жүктеді. Жәбірленуші қыз дене жарақатын алмаған. Оқиғадан соң лезде Темір аудандық білім бөлімі, полиция бөлімінен арнайы мониторинг тобы құрылып, зерделеу жұмысы жүргізілді», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова. 

Айта кетейік, қазіргі кезде төбелескен қыздардың ата-анасы ортақ мәмілеге келді. Олардың бәрі - 8, 9, 10 сынып оқушылары. 

Арасында бір отбасының екі қызы да бар. 

Осы оқиғадан соң үш мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілеріне тәртіптік жаза қолданылды. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар