Ақтөбеде 10 тамызға дейін қызметкерлері вакцинаның ең болмаса бірінші компонентін қабылдауы тиіс салалар анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған (медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып, жазылған адамдарды қоспағанда) адамдардың жұмыс істеуін шектеу қарастырылған. Талап бойынша қызмет көрсету объектілері:
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункті, ломбард, сұлулық салоны, шаштараз, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, монша, сауна, бассейн, жағажай, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалон, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер);
- халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базар, сауда үйі, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкен, шағын маркет, супермаркет, гипермаркет;
- мәдениет және демалыс объектілерінің (музей, музей-қорықтар, кітапхана, концерттік ұйым, филармония, театр, кинотеатр, концерт зал, клуб, галерея, көрме, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
- халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үй, отельдер, хостел, мотель, жатақхана, кемпинг және тағы басқалар);
- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежай, теміржол, автомобиль вокзалдарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;
- білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;
-санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;
- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
- денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;
- дәріхана;
- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
- демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
- байланыс және телекоммуникация объектілерінің;
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ұйымдасқан ұжымдардың;
- қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің, күштік құрлымдардың, мемлекеттік органдардың қызметкерлері 10-тамызға дейін COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентін салдыруы тиіс.
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, жағажайлардың қызметіне, сондай-ақ су қоймаларының белгіленбеген жерлерінде шомылуға тыйым салынды. Ал аквапарктер қызметіне рұқсат бар. Олар ашық ауада, алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді. Әрі толымдылығы 50% аспауы тиіс. Сондай-ақ адамдар 3 сағат ғана суда шомыла алады.
