16 нау, 2023 сағат 13:09

Екі ер адам зорлаған: полиция жантүршігерлік іске қатысты пікір білдірді

Фото: elements.envato.com

Ақтөбе облысы Полиция департаменті 16 жастағы қызды топтасып зорлау дерегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Бұл мәселені қоғам белсендісі Дина Таңсәрі көтерген.

"16 жастағы қыз жаман ортаға тап болып, ересек ер адам оны жыныстық қатынасқа тартқан. Біраз уақыттан кейін басқа ер адам жыныстық қатынасқа түсуге көндірген. Жағдай өте қиын. Анасы полицияға екі аптадан кейін арыз берген", - деді "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Оның айтуынша, қыз әкесінің өлімінен кейін күйзелісте болған.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе қалалық ПБ №2 полиция бөлімі дерек бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Күдікті анықталып, жауап алынды. Сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді полициядағылар.