02 шіл, 2021 сағат 13:45

Ақтөбеде көлік қағып кеткен қария ауруханада көз жұмды


Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған 66 жастағы қария көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе қаласында «Hyundai Elantra» автокөлігінің жүргізушісі 101-атқыштар бригадасы көшесі мен ағайынды Жұбановтар көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті. Рульде 30 жастағы әйел болды. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, бірнеше сағаттан кейін қаза болды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.