Ақтөбеде көлік ішінен екі адамның денесі табылды. Болжам бойынша олар газға тұншығып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 28 қараша күні сағат 17:32-де тіркелді.
Ақтөбе қаласындағы №7 гараж кооперативіне тиесілі гараждардың бірінде «ВАЗ-21099» автокөлігінен 50 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылды.
Мүрдеде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.
«Болжам бойынша олар газдан уланып, көз жұмған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Газ немесе көміртегі тотығы (CO) қауіпті. Оның түсі де, дәмі де, иісі де жоқ болғандықтан алғашында айтарлықтай әсері болмайды. Ішкі организмге енген уақытта адам улана бастайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.