16 там, 2021 сағат 17:53

Ақтөбеде көлік аялдамада тұрған екі әйел мен баланы қағып кетті


Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, аялдама тұрған адамдар зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға Ақтөбе қаласында болды. Жеңіл көліктің 23 жастағы жүргізушісі Есет батыр көшесі бойымен келе жатып, өзге көлікке жол бермеді. Салдарынан «Mitsubishi Pajero» көлігімен соқтығысты. 

«Екі көлік соқтығысқан кезде «Mitsubishi Pajero» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, аялдамада тұрған 2 әйел мен баланы қағып кетті. Зардап шеккен жаяу жүргіншілер ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.