Ақтөбеде көлік аударылып, атасы мен немересі көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолының 30-шақырымында ВАЗ-2114» маркалы көлік аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің 62 жастағы жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
