23 там, 2021 сағат 15:30

Ақтөбеде инфекциялық стационарға берілген мектеп жаңа оқу жылына дайындалады


Ақтөбеде екі білім беру мекемесінің ғимараты уақытша инфекциялық стационарға айналған. Соның біреуінен науқастарды көшіріліп, жаңа оқу жылына әзірленіп, тапсырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша екі интернат науқастарды қабылдап жатыр. Бірі - Жайсаң ауылындағы карантин стационары. Бұл жерде сабақ онлайн жалғасады. Себебі стационар шекарада орналасқан. Екіншісі - Байғанин ауданындағы мектеп-интернат. Мұндағы білім ордасы бірер күнде босатылып, ішіне дезинфекция жүргізіледі. 1 қыркүйектен бастап балаларды қабылдауға рұқсат беріледі», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.