22 шіл, 2020 сағат 20:00

Ақтөбеде «Эйр Астана» ұшағы зақымданып, ұшпай қалды

Ақтөбе - Нұр-Сұлтан бағытындағы «Эйр Астана» ұшағына зақым келіп, ұшу бір тәулікке кейінге шегер3лд3, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін «Ақтөбе – Нұр-Сұлтан» бағытындағы KC978 рейсін ұшыруда телескопиялық траптан ұшақ есігіне зақым келді. Салдарынан жергілікті сағат 17:30-да ұшырылуы тиіс рейс ертеңгі 20:00-ге қалдырылды. Жолаушыларға қонақ үйден орын мен тамақ берілді», - деп хабарлады «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі. 

Әуе компаниясы жағдайды бағалау үшін және ұшақты алдағы пайдалану бойынша шешім қабылдау үшін инженерлерді жібереді. Аталған факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.