13 нау, 2026 сағат 13:36

Ақтөбеде ер адам өлі табылды

Фото: yandex.kz


Ақтөбеде қоқыс алаңынан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы Полиция департаменті.


Департаменттің мәліметінше, мәйіт табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған.


"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.


БАҚ-та марқұм 55 жастағы ер адам екені жазылып жатыр.