05 ақп, 2024 сағат 17:42

Ақтөбеде екі баланы ит қауып алды


Фото: Pixabay

Ақтөбеде 15 және 6 жасар екі баланы ит тістеп алып, олар дәрігер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Kazinformға сілтеме жасап.

Оқиға 4 ақпан күні кешкілік болған.

Жәбірленуші жасөспірімнің анасы Дәнекер Отарбаеваның айтуынша, ұлы кешкілік қоқыс төгуге шыққан кезде ауладағы балаларды ит қуып, тістеп жатқанын көрген.

Көршілерін құтқаруға жүгірген жасөспірімнің өзін ит қарсы атылған.

— Менің балам қатты жарақаттанды, екі аяғынан тістеген. Полиция қызметкерлері келіп, иттің фотосын көрсетті. Атып тастаған екен. Бірақ иесі жоқ деп айта алмаймын. Тап-таза, күтім көргені көрініп тұр. Балам колледждің 1-курсында оқиды. Оны ересек көршілер құтқарған. Ересектерден ит қорықса да, балаларға қарсы ұмтылған. Түнімен мазасынданып, қазір қаралып жатыр. Күн сайын жарақатын таңып жүр, — деді Дәнекер Отарбаева. 

Ол мектепке баратын екі қызын енді апарып, үйге қайта әкеліп жүр. 

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ит иесі анықталмаған, оқиғаға байланысты ветеринар мамандарға хабар берілген.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2008 жылы туған ер баланы ит қапқан кезде жедел жәрдем қызметі шақырылды.

Кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Құтырмаға қарсы екпе беріліп, үйіне жіберілді.

Сонымен бірге 6 жастағы бала да ауруханаға жеткізіліп, екпе жасалды. Ол да емхана дәрігерлерінің бақылауына алынды. 

Айта кетейік, биыл қаңтарда Ақтөбенің Мұғалжар ауданында бір топ оқушыны ит қуып, аулау жұмысы 

Ақтөбе облысы бойынша биыл бұралқы итті аулау, уақытша ұстау, стерильдеу жұмыстарына 201 млн теңгеден астам қаржы қарастырылды.