#
#
Сенбі 23/01/2021

Ақтөбеде бірнеше жол ақылы болады

  • 23.11.2020
  • 0
  • 159

Самара-Шымкент, Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізінің бір бөлігі ақылы болады. Қазір өңірде қоғамдық тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Самара-Шымкент тасжолының Ақтөбе-Қобда-Батыс Қазақстан аумағы, Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе-Мәртөк-Орынбор бағыты ақылы болады. Алдағы уақытта заманауи бағдарламалық-аппараттық кешен іске қосылады. Кешен жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді. Әрі жол бойындағы инфрақұрылымды, сондай-ақ транзиттік жүк тасымалының қозғалыс жылдамдығы мен ауқымын бақылауға мүмкіндік береді. 

«Ақтөбе-Орал және Ақтөбе-Орынбор жол учаскелерінде 5 бақылау аркасы және клиенттермен жұмыс істеу орталығы орнатылған. Аркаларда автокөліктің бір аймақтан екінші аймаққа өтуін тіркейтін арнайы камера қойылған. Ақылы жаңа учаскелерде төлемдерді қабылдаудың «ашық жүйесі» болады. Бір ерекшелігі жол бойында шлагбаумдар мен төлемдерді қабылдау пункттері болмайды. Бұл көлік қозғалысын бақылап, кептелістің алдын алады. Жол жүру төлемі алдын ала төлеу тәсілімен немесе қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылатын болады», - деді «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары Айбол Данағұл.

Айта кетейік, Ақтөбе-Орал және Ақтөбе-Орынбор жол учаскесінде коммерциялық жүк автокөлігінен ғана жол жүру ақысы алынады. Бұл бағыт ІІ-санаттағы жолға жататындықтан жеңіл көлік иелерінен ақы алынбайды.

Теги: ақылы жол

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар