30 қаз, 2020 сағат 19:30

Ақтөбеде автобусқа бетпердесіз мінгендерге хаттама толтырылды

Ақтөбеде қоғамдық көлікке бетпердесіз мінген адамдарды жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте 40-тан астам құқықбұзушылықты анықтады. Бәрі фото және видеоға тіркелді. Жолаушылар маска тақпаған. Барлық материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша шара қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жіберілді. Көбіне 13, 1, 41, 12 бағыттағы қоғамдық көліктерде карантин талабы ескерілмеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.