Ақтөбеде алқапты шегірткеден қорғау жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірде алқап пен ауыл шаруашылығы жерлерін химиялық өңдеу мамыр айының соңында басталды. Аумақтық инспекцияның мәліметтері бойынша, 70,39 мың гектар жерді залалсыздандыру жоспарланса, оның 70,05 мың гектары өңделген. Өңдеу ең алдымен, Әйтеке би, Шалқар және Ырғыз аудандарында жүргізілді.
Өңір басшысы уәкілетті органдар мен облыстың аудан басшыларына шегірткенің көбеюі мүмкін ошақтарын анықтау жұмысын барынша күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, кездесу барысында COVID-19-ға қарсы екпе алу мәселелері де талқыланды. Коронавирустың алдын алу мен екпенің маңыздылығын, әсіресе облыс аудандарында түсіндірме жұмыстарын күшейту тапсырылды.
