21 қаз, 2020 сағат 09:33

Ақтөбеде 3 жасар баладан коронавирус анықталды

Соңғы тәулікте Ақтөбеде 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның біреуі 3 жасар бала, деп деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбеде 46 жастағы әйел жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Кейін одан ПТР сынама алынып, вирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұған дейін оның Ресейге барғаны белгілі болды. 

«Шалқар ауданының 28 жастағы тұрғыны өз еркімен сынама тапсырып, одан КВИ анықталды. Сонымен бірге 3 жастағы ақтөбелік те COVID-19 дертінің симптомсыз түріне шалдықты. Бала балабақшаға бармайды. Бұрын әкесі КВИ-дің симптомсыз түріне шалдығып, ұлынан ПТР сынама алынған болатын», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.