Фото: ашық дереккөз
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қызға жыныстық зорлық көрсетті деп айыпталған әскери қызметшіге сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп танып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ult.kz.
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, іс кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты болғандықтан, сот процесі жабық режимде өткен.
– Сот отырысы жабық өтті. Бұл екі тараптың да құқықтарын қорғау мақсатында жасалды. Сондықтан іс бойынша толық ақпарат жарияланбайды. Сотталушы 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Зорлау» бабы бойынша қаралған. Сот отырысы Астана қаласындағы әскери сотта өтті.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 14 жастағы оқушы қызға зорлық көрсетті деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталғаны хабарланған еді.
