05 нау, 2018 сағат 13:52

Ақтөбеде 111 оқушы қыз хиджабын шешкен

Ақтөбеде Білім және ғылым министрінің арнайы бұйрығымен таныстырған шенділер мектеп киім үлгісін сақтамаған оқушы қыз балалар саны 179 болғанын хабарлады, деп жазады жергілікті басылым.

«Олардың ата-аналарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қазіргі күнге дейін жүргізіліп отыр. 111 оқушы мектеп формасына ауысып, кимешек, орамалын шешті, ал 21 оқушы отбасылық жағдайларына байланысты басқа облыстарда орналасқан оқу орындарына ауысты. 1 оқушы денсаулық жағдайына байланысты үйде білім алады. 2-і емдеу мекемелерінде ұзақ мерзімді емделіп жатыр», — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Бүгінде Ақтөбе қаласындағы мектептерге 44 оқушы қыз орамал тағып келіп жүр.

Мектеп формасына қатысты № 40, 49, 13, 36, 62, 23, 8, 60 және 48 орта мектептерінің ата-аналары сотқа жүгінген болатын. Алайда, қалалық сот оларды қанағаттандырмады.