Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалған.
Мектеп оқушылары тапа-тал түсте төбелесіп, ақыры полиция бөлімшесіне жеткен. Оқиға Ақтөбе облысындағы Шалқар қаласында болды, кәмелетке толмағандар қоғамдық орында төбелес шығарды.
Полицейлердің мәліметінше, оқиға 18 наурыз күні ауыл орталығында болған. Полиция қақтығыстың себебін нақтыламады, бірақ барлық адамдар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді деді.
"Аталған факті бойынша Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Материал жинақталып, шешім қабылдау үшін ҚК жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жіберілді. Шалқар ауданының әкімі ата-аналар да шақырылып, олармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді", – деп түсіндірді Ақтөбе облысы ҚДП баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Полицейлердің мәліметінше, учаскіге 12 мектеп оқушысы жеткізілген. Бұл – Шалқар қаласының екі түрлі мектебінің 10 және 11 сынып оқушылары. Зардап шеккендер жоқ.