Бүгін Ақтөбе облысындағы Жаңажол және Кеңкияқ мұнай кен орындарында қызмет етіп жүрген 80-ге жуық жүргізуші қызмет көрсету тарифін көтеру, жалақыны арттыруды талап етіп, жұмысқа шықпай қойды. Видео әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүргізушілер «СПНС Ақтөбемұнайгаз» АҚ үшін қосалқы мердігерлік қызметін көрсетумен айналысатын «СНПС-Автотранспортная компания» компаниясында жұмыс істейді.
«80-ге жуық жүргізуші таңертең жұмысқа шықпай қойды, содан кейін олардың саны 65-ке жеткен. Бұл — жеңіл көлік жүргізушілері. Жұмысқа тапсырыс беруші «СПНС-АМГ», ал «СНПС-Автотранспортная компания» - оның мердігері, оның қосалқы мердігерлігінде көліктік қызмет көрсететін, джиптер, жеңіл көліктер мен арнайы техниканы ұсынатын алты ЖШС пен ЖК бар. Бүгін техника жай тұр, жүргізушілер жұмысқа шықпады. Олар көрсетіп отырған қызметінің тарифін көтеруді талап етуде. Олардың айтуынша, тарифті дизель отыны бағасының көтерілуі себебімен ауыстыру керек. Бұл жағдай туралы біз әлеуметтік желі арқылы білдік. Жүргізушілер бізді де, тапсырыс берушілерді де ол туралы ескерткен жоқ. Оқиға орнына басқармамыздың, прокуратура және облыстық әкімдік қызметкерлері шықты, олар жүргізушілермен сөйлесіп, мәселені кешке дейін шешуі тиіс», - дейді Ақтөбе облыстың Еңбек инспекциясы басқармасы бастығының орынбасары Талғат Искарин.
Жүргізушілердің орташа жалақысы – 200 мыңға жуық теңге, олар жалақыны екі есе арттыруын талап етіп отыр.