04 нау, 2025 сағат 10:22

Ақтөбе облысында карантин жарияланды

Фото: Eldala.kz

Ойыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде сиырлардан қауіпту вирус табылған, деп хабарлайды Ult.kz "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу қойған. Бұл қыстаққа мал кіргізіп-шығаруға тыйым салынды.

Күйдіргі жұқтырған төрт сиыр бірден арам қатқан. Бұл қауіпті індет тек ірі қарада кездеседі. Қарасан анықталған "Мәтжат" қожалығында қазір қырықтан аса аша тұяқты бар. Оны қорадан шығармай қамап ұстап отыр.

"Карантин жарияланды. Бүгінде эпидемияға қарсы мемлекеттік мекеме сауықтырып жатыр. Ауру белгілері: үш айдан үш жасқа дейінгі, яғни жас мал ауырады", - деді Ақтөбе облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.