Өткен жылы Ақтөбе облысында шенеунік 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет кездескен.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР судьяларының «Zanger» журналындағы мақаласында жазған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өткен жылы Ақтөбе облысында 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық байланысқа түскен деген күдікпен шенеунік ұсталды. Қыз баланы бұл іске анасы итермелеген. Күдікті ұсталды. Анасына қатысты қызын жезөкшелікке тартқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді министр.
Министрдің айтуынша, соңғы бес айда кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мыңнан аса қылмыс тіркелген.