29 қар, 2020 сағат 10:28

Ақтөбе облысында 6 елікті атқан браконьерлер қолға түсті

27 қарашада шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы «Жамбыл» шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Кейін анықталғаны - 24 қараша күні Т. атты азамат өзінің достарын, Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырған. 

Аталған топ 3 автокөлікпен 6 елікті атқан. 

Көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылды.

Ұсталғандар Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды. 

Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізіледі. 

Аналықтар әдетте 9 айда өте әдемі, терісінде дақтары бар екі текшені өмірге әкеледі. 

Олардың өмір сүру ұзақтығы - 12 жылға дейін ғана.