30 сәу, 2025 сағат 13:18

«Ақтөбе» футбол клубында қаржы жымқыру деректері анықталды

Фото: ашық дереккөз

Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубы қызметі тексерілді. Нәтижесінде  250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді келісім-шарттар жасалған деген күдік бар.

Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерімен жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.