24 мау, 2021 сағат 22:40

Ақтөбе әкімдігі вакцина салдырғандар арасындағы ұтысқа 2 көлік тікті


Ақтөбе әкімдігі «Екпе ал да көлік ұт» акциясы аясында ұтысқа көлік тікті. Науқан екі кезеңмен өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Науқан екі кезеңмен өтеді. 25-маусымнан 10-тамызға​ дейін және 11-тамыздан​ 25-қыркүйекке дейін. Оған 25-маусым мен 25-қыркүйек​ аралығында Ақтөбе облысының аумағында коронавирус індетіне қарсы​ кез келген​ екпенің бірінші компонентін алған адамдардың барлығы қатыса алады.​ Жеңімпаздар​ «AQTOBE» телеарнасының тікелей эфирінде​ кездейсоқ тәртіпте​ анықталады. 

«Әр кезеңнің басты​ жүлдесі - 2021 жылы шыққан​ Chevrolet Cobalt маркалы автокөлігі. Сондай-ақ,​ смартфондар, планшеттер, спорттық велосипедтер, робот шаңсорғыштар мен​ смарт сағаттар сияқты​ жүлделер де​ ойнатылады. Науқан демеушілердің қаражатына өткізілмек. Науқанның толық ережелерімен​ aktobe.gov.kz. сайтында танысуға болады», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.