Сағат 9:50-дегі мәлімет бойынша Ақтаудағы жарылыс болған жерде жолды тазалауға тағы 21 техника мен 200 жұмысшы тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс кезінде мынадай мынадай көліктерге зақым келіп жарамай қалған:
1. Toyota Yundra
2. Toyota camry 55
3. Lexus RX 350
4. Toyota camry 50
5. Nissan Primera
6. Daewoo Nexia
7. Kia Rio
8. Mitsubishi Galant
9. Kia sorento
10. Toyota Land Cruiser Prado 120
Сағат бүгін сағат 10-30-дағы мәлімет бойынша өрт сөндірушілер 2 газз баллонын қауіпсіз жерге шығарған.
Сағат 12-55-те коммуналдық қызмет өкілдері 300 тонна қоқыс шығарған.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтауда жарылыс болып, ғимарат қирағаны туралы жазылды.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тек жарылыс болған кезде ғимаратта тұрған 11 көлікке зақым келіп, олар жарамсыз болып қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс газ-ауа қоспасының ағуынан болуы мүмкін.