07 нау, 2021 сағат 17:26

Ақтаудағы тұрғын үйдің бірінде жабайы түлкі видеоға түсірілді

Жануар Ақтаудағы көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінде табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жабайы түлкіні 6 наурызда таңғы 6-да 36 шағын аудандағы «Сандықтас» тұрғын үйінің тұрғындары байқаған. Оның кіреберіске қалай кіргендігі белгісіз.

Видеода жабайы аңның шығарға жол табу мақсатымен қабырғаларға өрмелеп жатқандығы көрінеді. Видеожазбаның авторлары түлкіні далаға шығарып жіберді.

Бұл жағдай туралы «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының басшысы Кирилл Осин өз пікірін білдірді.

«Түлкіні біреудің үйінде ұстауы, оның қашып шығуы немесе арнайы жіберілуі мүмкін емес. Егер бұл шеткі тұрғын үй болса, оның түзден азық іздеп келуі ықтимал», - деген ойда Кирилл Осин.