08 жел, 2025 сағат 12:14

Ақтаудағы аялдамада ер адамның мәйіті табылды


Фото: lada.kz

7 желтоқсан таңертең Ақтау қаласының 9‑шы ышқам ауданында аялдаманың жанынан кездейсоқ өтіп бара жатқан адам ер адамның мүрдесін тауып алды. Бұл туралы жергілікті Lada басылымына сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды. 

Оның жанында ұялы телефоны болған. Өтіп бара жатқан адам телефонның бірінші нөміріне қоңырау шалған, ол ер адамның немересінің нөмірі болып шықты.

Туыстары оқиға орнына келіп, жедел жәрдем бригадаларын шақырған.

Медициналық қызметкерлер реанимациялық шараларды жүргізгенімен, ер адамды құтқару мүмкін болмады — оның биологиялық өлімі расталды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жағдайды анықтап жатыр.

Туыстарының айтуынша, ер адам таңертең дәріханаға шыққан. Ол ұзақ уақыт бойы жүрек-қан тамырлары ауруларымен, соның ішінде жоғары қысым мен жүрек проблемаларымен ауырған. Туыстарының пікірінше, өлімнің алдын ала себебі инсульт немесе жүрек ұстамасы болуы мүмкін.

Белгілі болғандай, ер адамға бір ай бұрын 64 жас толған. Ол 11‑ші ықшам ауданда анасымен бірге тұрған. Оның Мәскеуде тұратын қызына қайғылы оқиға туралы хабар берілген — ол Ақтауға ұшып келеді.

Еске сала кетейік, 17 қазан күні 1‑ші ықшам аудандағы онкоорталық ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылған еді.