24 мау, 2021 сағат 04:18

Ақтауда жарық шамының бағанынан тоқ соғып, 8 жасар бала көз жұмды (Видео)


Ақтау қаласында 8 жасар бала тоққа соғылып мерт болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Lada.kz сайты.

Қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 22:00-дер шамасында №7 мектеп-лицейі мен «Толқын» базарының маңында болған. 

«Оқу орнының қоршауының маңына жарық шамы орнатылған. Куәгерлердің айтуынша, бала осы шамның бағанын ұстаған кезде оны тоқ ұрған. Оқиғаның нақты қалай болғанын анықтау үшін оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.