25 қар, 2020 сағат 14:26

Ақтауда жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді

Ақтауда қаланы жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұдан бөлек, әкімдік кәсіпкерлерге өз нысандарына мерекелік безендіру жасау туралы ұсыныс білдіреді. 

«Биыл жаңа жылды тойлауға байқау болмайды, қаражат бөлінбейді. Қала жаңа жыл мерекесі қарсаңында ойыншықтар мен әшекейлердің ескі қорларынан безендіріледі. Бізде жаңа шыршалар бар, бәрін іліп қоямыз. Әкімдіктік кәсіпкерлерге өз нысандарын мерекелік безендіру туралы ұсыныс хат жолдайды», - деді қала басшысының орынбасары.

Серік Гусманның айтуынша, екі жасанды шырша облыс орталығында, тағы біреуі Өмірзақта орнатылмақ.