30 шіл, 2020 сағат 11:12

Ақтауда ойын алаңынан кішкентай қызды алып кеткен күдікті педофил ұсталды

Ақтауда ойын алаңында ер адам кішкентай қызды алып кетпек болған күдікті ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

«ҚР Қылмыстық Кодексінің 124-бап 1-бөлімі (Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) бойынша із қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Белгілі болғандай, 29 шілде күні шамамен сағат 13:00-де Ақтау қалалық полиция басқармасына хабарлама түсті. Белгісіз ер адам ойын алаңында жүрген кішкентай қызды ертіп кеткен. Әрі қарай подъезге кіргізіп, азғындық әрекетін іске асырмақ болған. Абырой болғанда, көршілері көріп қалған. Полиция қызметкерлері дереу жетіп, күдіктіні ұстады»,-делінген хабарламада.