01 жел, 2021 сағат 19:15

Ақтауда құрылысы бітпеген үй отқа оранды



Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде өрт шықты. Құрылысы бітпеген үйдің қасбеті өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"1 желтоқстанда сағат 12.30-да Ақтау қаласының 38 шағын ауданындағы "7 қазына" тұрғын үй кешенінің қасбеті өртенді", - деп хабарлады Ақтау қаласының әкімдігі.


Өрт 40 минуттаң кейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.


Әкімдік мәліметінше, мерекеге қарамастан төтенше жағдайлар қызметі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.