23 қыр, 2024 сағат 10:30

Ақтауда қоқыс контейнерлері маңынан ММА файтері өлі табылды

Фото: ашық дереккөз

Ақтаудағы 3-шағынауданда аралас жекпе-жек файтері Вусал Джафаровтың мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Мәйіт 20 қыркүйекте қоқыс контейнерлерінің жанынан табылған. Дене бұзылған, толық ісініп, қарайып кеткен.
Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ведомство.


Желі қолданушыларының айтуынша, Джафаров соққыға жығылған және денесі бірнеше күн көшеде жатқан.

Ашық дереккөздердегі ақпарат бойынша, Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.