Ақтауда бойжеткен үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін таңертең 7- шағын аудандағы №3 үйде болған. Бойжеткен биіктіктен құлағаннан кейін аман қалған. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеді.
Аталған факті Ақтау қаласының полиция басқармасында тіркелді.
