26 мам, 2022 сағат 13:55

Ақтауда бір топ жігіт полицеймен төбелесті - видео


Ақтауда мекемелердің бірінде болған жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланған, онда ер адамдардың төбелесіп жатқаны көрінеді. Сонымен қатар, кадрларда бір топ жас жігіттің полицейлермен айғайласып жатқанын көруге болады.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 23.10 шамасында Самал шағынауданындағы жағалауда, "Монако" мекемесіне қарама-қарсы болған.

Тәртіп сақшылары бұл деректің мектеп бітіруші түлектерге қатысы жоғын айтты.

"Аумаққа жауапты полицейлер дер кезінде жағдайдың алдын алды. Жастар ешқандай арыз жазбады. Олармен арада профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп қорытындылады ведомство өкілі.

Видеода бейәдеп сөздер бар!