07 шіл, 2021 сағат 17:05

Ақтауда 3-ші шағын ауданда ер адамның мәйіті табылды


Ақтауда 3-ші шағын ауданда ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ж әбірленушінің денесінде зорлық-зомбылық белгісі болған. 7 шілде күні сағат 09:26-да Ақтау қаласы полиция басқармасының «102» операторы пультіне 3-шағын ауданда ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түскен. 

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Факт Ақтау қаласының полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.